Алматы спорт басқармасының басшысы Парижде көз жұмды

0 191

Алматы спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин Парижде кенеттен қайтыс болды. Ақпаратты ҚР Туризм және спорт министрлігі растады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

ҚР Туризм және спорт министрінің қоғам және БАҚ жөніндегі кеңесшісі Диас Ахметшәріптің айтуынша, басқарма басшысы түнде қайтыс болған.

Алдын ала себеп — жүрек талмасы. Ерден Хайруллин 36 жаста болған еді.

Ерден Хайруллин Алматы қаласының спорт басқармасын 2022 жылдан бері басқарып келген.

2012-2019 жылдар аралығында Алмалы ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы, кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. 2019-2022 жылдары Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.