Алматы облысында автобус отқа оранды

0 1 006

Кеше Алматы облысының Байсерке ауылында жолаушылар автобусы отқа оранды, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Өрт сөндірушілер қоғамдық көлік өртін сөндірді.

ТЖМ хабарламасында: «Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Шығу себебі анықталып жатыр. Жолда көлігіңіз өртене бастаса, көлікті дереу тоқтатып, көліктен шығып кетуіңізді сұраймыз», делінген.