Алматы маңында жер сілкінді
27 желтоқсанда таңертең қазақстандық сейсмологтар Алматының оңтүстік-шығысында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Жер сілкінісін Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық стансалар желісі 27 желтоқсан күні таңғы сағат 7:34-те тіркеді.
«Жер сілкінісінің ошағы Қытайда, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым жерде орналасқан», деп хабарлады сейсмологтар.
Қазақстан аумағында жерасты дүмпулері сезілген жоқ.