Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

0 18

Синоптиктер 5-7 қарашада ауа райы қандай болатынын айтты, – деп хабарлайды “Aulieatanews” Ақпараттық агенттігі.

«Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде қолайлы ауа райы сақталады, еліміздің батыс, солтүстік-батыс өңірлерін қоспағанда, онда жаңбыр, сондай-ақ ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі. Республиканың қалған аумағында ауа температурасы біртіндеп көтеріліп, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі күтіледі», — дейді синоптиктер.