Е. Қарашөкеев «Шэньси Ифень» компаниясының басшылығымен кездесу өткізді

0 566

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Шэньси Ифень» компаниясының директоры Тао Хуанмен кездесті, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кәсіпорын 6 бағытта жұмыс істейді: тұрғын үй және әлеуметтік нысандар құрылысы, жол саласы, техникалық мамандықтар бойынша кадрлар даярлау, ауылшаруашылығы, қонақүй және мейрамхана бизнесі, тау-кен өндіру саласы.

Ербол Қарашөкеев жауапты тұлғаларға өнеркәсіптің түрлі салаларындағы компаниямен өзара іс-қимыл перспективаларын зерделеуді тапсырды және іскерлік байланысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Облыс әкімі өңірлік нарықтың болашағы туралы айта келе, ұзақ мерзімді және нәтижелі ынтымақтастық үшін барлық жағдай жасалатынын жеткізді.