Шенеуніктерге тойға баруға тыйым салынды

0 209

Қырғызстан Республикасының Премьер-министрі Ақылбек Жапаров шенеуніктерге тойға баруға тыйым салды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Ақылбек Жапаров ел Президенті Садыр Жапаровтың барлық жарлықтары мен тапсырмалары сапалы әрі уақытылы орындалуы тиіс екенін еске салды. Осы орайда ол Президенттің той өткізу кезінде мал союға және ысырапшылдыққа тыйым салу туралы жарлығы төңірегінде сөз қозғады.

«Егер бір жерде ысырапшылдық әрекеттерін байқасаңыз, ол жерге бармаңыз. Тойда жүрмеңдер», деді Ақылбек Жапаров.