Үлкен Алматы көлінде қар көшкіні жүрді
Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Таудан түскен массаның жалпы көлемі 1 800 текше метрді құрайды, — деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар жоқ.
Құтқарушылар Алматы тұрғындары мен қонақтарына тауға шықпауға кеңес береді. Қалада соңғы үш тәулікте жаңбыр үздіксіз жауып тұр.