Атырау облысы Дін істері басқармасына жаңа басшы тағайындалды

0 155

Атырау облысы әкімінің өкімімен облыстық Дін істері басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Бұл лауазымды Қаһарман Мұсаев атқарады, — деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Облыс әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы жаңа басшыны ұжымға таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Қаһарман Мұсаев 1982 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Түркия Республикасындағы Сельчук университетін теолог, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін құқықтану мамандығымен бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы «Сема Құрылыс» ЖШС-да бастап, 2012 жылғы ақпанға дейін менеджер болып жұмыс істеген.

Сол жылдың соңына дейін «Арма Глобал Сервис» ЖШС-нің сату бойынша менеджері болған.

2012 жылдың соңынан бүгінге дейін Атырау облыстық Дін істері басқармасында түрлі басшылық лауазымды атқарып келген.