«Рухани жаңғыру» жобалық офисінің басшысы тағайындалды
Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы басшысының бұйрығымен Нұрақбаев Ринат Даниярұлы «Рухани жаңғыру» жобалық офисі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі.
Нұрақбаев Ринат Даниярұлы 1973 жылы Түркістан облысы, Түлкібас ауданында туған, білімі жоғары.
1995-2003 жж. Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығының мәдени іс-шара ұйымдастырушы, 2003-2005 жж. «Бозторғай» ансамблінің көркемдік жетекшісі, 2005-2010 жж. мәдени іс-шаралар бөлімінің меңгерушісі, 2010-2011 жж. орталықтың директоры қызметтерін атқарған.
2001-2010 жж. Жамбыл облыстық телеарнасында оқушыларға арналған «Жүзден жүйрік» зияткерлік теле-ойынының ұйымдастырушысы, жүргізуші-редакторы.
2011 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Асыл арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігінің төрағасы лауазымында қызмет атқарып келді.
Облыстағы бірқатар консультативтік-кеңесші органдардың және өзекті мәселелер бойынша жұмысшы топтардың мүшесі.