Қатаң карантин шаралары 2 тамызға дейін ұзартылды

0 43

Премьер-министр Асқар Мамин қатаң карантинді 2 тамызға дейін ұзарту туралы шешім қабылданғанын айтты, – деп хабарлайды “Aulieatanews” Ақпараттық агенттігі.

«Карантиндік қатаң шектеу шараларының екінші аптасы өтіп жатыр. Ауру өсуі тұрақтанып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы бойынша эпидемиологиялық жағдайды одан әрі тұрақтандыру үшін Республикада шектеу шараларын 20 шілдеден 2 тамызға дейін тағы екі аптаға ұзарту туралы шешім қабылдаймыз», — деді Мамин Үкімет отырысында.

Ол қазақстандықтарды карантиндік талаптарды қатаң ұстануға шақырды.

«Денсаулық сақтау министрлігі, әкімдіктер мен мүдделі мемлекеттік органдар карантинді одан әрі сақтаудың барлық шарасын іске асырсын. Дәрілік препараттардың қажетті қоры бар және үнемі толықтырылып отырады. Оларды дәріхана желілері мен стационарлар бойынша нақты бөлу бойынша барлық шараны қамтамасыз ету қажет»,-деп тапсырды премьер-министр.