Кезекті сүйемелдеу келісімшартына қол қойылды

0 49

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаменті өңірімізде жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер мен инвесторларды қорғау және қолдау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді, – деп хабарлайды “Aulieatanews” Ақпараттық агенттігі.

Осы орайда Департамент жақында кәсіпкерлер мен инвесторлардың мүддесін қорғауға бағытталған «PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» жобасы аясында «Benedixsimus» ЖШС-мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу келісімшартын жасасты. «Benedixsimus» ЖШС өз кәсібін Жамбыл облысы аумағындағы IT саласында жүзеге асырмақ.

Бүгінгі таңда Департамент жергілікті және шетелдік инвесторлармен және кәсіпкерлермен жалпы сомасы 370 млрд. теңгеден астам осындай 30 келісімге отырған.