Астана мен Алматыда доллар бағамы қандай?

0 13

Астана мен Алматы қалаларындағы айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльді сатып алу және сату бағамдары ұсынылды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, Астанада тұрғындар долларды орта есеппен 450,04 теңгеден сата алады, ал 457,04 теңгеге сатып алады. Еуроны орта есеппен 501 теңгеден өткізіп, 511 теңгеге сатып алуға болады. Рубльді 5,40 теңгеден сатуға, ал 5,60 теңгеден сатып алуға болады.

Алматы тұрғындары бір долларды орта есеппен 452,68 теңгеден сата алады, ал 454,59 теңгеден сатып ала алады. Еуроны орта есеппен 502,75 теңгеден өткізіп, 506,91 теңгеден сатып алуға болады. Рубльді сатқанда 5,35 теңге алуға болады, ал сатып алу бағасы – 5,47 теңге.