Жамбыл облысында 120 келі есірткі тәркіленді

0 13

Жамбыл облысында 120 келі дайын өнім мен есірткі дайындауға арналған шикізат тәркіленді. Құқықбұзушылық «Қарасора – 2026» шарасы аясында анықталды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Меркі ауданы Қарасу ауылының маңында жерасты жасырын орнынан 20 келі марихуана алып жатқан кезде бұрын есірткі өткізгені үшін бірнеше рет сотталған жергілікті тұрғын қылмыс үстінде ұсталды.

Шу ауданында зауыттардың бірінің маңында бес қап кептірілген марихуанасы бар жасырын орынды қазып, ашу кезінде үш жергілікті тұрғын құрықталды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 72 келі болған.

Айт кету керек, ұсталған дайындаушылардың екеуі бұрын есірткінің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Бұдан бөлек, Түрксіб станциясында Шу – Тәтті теміржол аралығында екі жергілікті тұрғын ұсталды, олардан 25 келі құрамында есірткісі бар қарасора өсімдігі тәркіленді.

Есірткіні аса ірі мөлшерде сақтаудың барлық фактілері бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі өндірістер басталды. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ішкі істер министрлігі «Қарасора – 2026» жедел-профилактикалық іс-шарасының белсенді кезеңінде қойылған міндеттерді іске асыру жұмыстарын жалғастырады.