Ел тұрғындары тағы 11 елде QR-код арқылы төлем жасай алады

0 8

Қазақстан өз ұлттық төлем жүйесін Қытай, БАӘ, Өзбекстан, Қырғызстан және Үндістанды қоса алғанда, 11 елдің жүйесімен біріктіру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Елдердің толық тізімі әзірге жарияланған жоқ, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Қытай мұны алғашқылардың бірі болып енгізуі мүмкін. QR-код арқылы төлем жасау жүйесін сынақтан өткізуді биылғы жылдың соңында бастау жоспарланып отыр. Егер сынақтар сәтті өтсе, 2027 жылдан бастап Қазақстан азаматтары Қытайдағы сатып алулар үшін еліміздің кез келген банктік қосымша арқылы QR-кодпен төлем жасай алады. Сол сияқты, қытайлық туристер де Қазақстанда осы әдіспен төлем жасауға мүмкіндік алады.

Басқа елдер үшін жеке жол карталары әзірленді. Кейбірінде іске қосу 2027 жылға жоспарланған болса, басқаларында интеграция процесі екі жылға дейін созылуы мүмкін. Болашақта елдердің тізімі кеңейтілуі де ықтимал.