Алматы облысының әкімі қызметінен босатылды

0 13

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Марат Сұлтанғазиев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша – экономист-қаржыгер, заңгер, іскерлік әкімшілендіру магистрі.

Марат Елеусізұлы еңбек жолын 1997 жылғы шілдеден бастап салық органында маман, салық инспекторы, аға салық инспекторы, жетекші салық инспекторы, бас салық инспекторы, бөлім бастығы, Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің Басқарма бастығы лауазымдарында қызметін бастады.

Ал 2021 жылдың мамырынан 2022 жылдың қаңтарына дейін ол Қаржы вице-министрі бола тұрды да, 2022 жылғы қаңтардан маусымға дейін бірінші вице-министр болған.

2022 жылғы 11 маусымда Алматы облысының әкімі болып тағайындалған болатын.