Ауыл шаруашылығы және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлері тағайындалды

0 166

Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Айдарбек Сапаров 2023 жылғы қыркүйектен бері Ауыл шаруашылығы министрлігін басқарып келеді. 2024 жылғы ақпанда ол осы қызметке қайта тағайындалған болатын.

Сонымен қатар Асқарбек Маратұлы Ертаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне қайта тағайындалды. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды.