Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Жаслан Мәдиевке Қазақстанның жасанды интеллект саласын дамыту, цифрлық трансформация үдерістерін жеделдету және IT-индустрияның әлеуетін арттыру бағыттарында міндеттер жүктеледі.