17 тамызға арналған ауа райы болжамы: Қазақстанда күн салқындайды

0 9

Қазгидромет 17 тамыз, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады. Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, жел күшеюі мүмкін, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +11…+13°C, күндіз +21…+23°C.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Түнде +21…+23°C, күндіз +33…+35°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8-13 м/с. Түнде +20…+22°C, күндіз +33…+35°C.

Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с. Түнде +19…+21°C, күндіз +28…+30°C.

Ақтөбеде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5-10, күндіз екпіні 15-18 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +9…+11°C, күндіз +25…+27°C.

Атырауда аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Түнде +15…+17°C, күндіз +30…+32°C.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7-12, күндіз екпіні 15 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +15…+17°C, күндіз +26…+28°C.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7-12, күндіз екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +13…+15°C, күндіз +23…+25°C.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты. Түнде жауын-шашынсыз, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +10…+12°C, күндіз +20…+22°C.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде +22…+24°C, күндіз +33…+35°C.

Қостанайда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде +8…+10°C, күндіз +18…+20°C.

Қызылордада күн ашық. Жел 6-11 м/с. Түнде +16…+18°C, күндіз +30…+32°C.

Павлодарда құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9-14, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +16…+18°C, күндіз +26…+28°C.

Петропавлда құбылмалы бұлтты. Түнде жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Жел 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +10…+12°C, күндіз +19…+21°C.

Семейде құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 5-10, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +18…+20°C, күндіз +28…+30°C.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Түнде +18…+20°C, күндіз +30…+32°C.

Таразда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде +16…+18°C, күндіз +30…+32°C.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +20…+22°C, күндіз +35…+37°C.

Оралда құбылмалы бұлтты. Түнде жауын-шашынсыз, күндіз аздап жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +12…+14°C, күндіз +28…+30°C.

Өскеменде құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жауып, желдің екпіні болуы мүмкін. Жел 5-10, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +18…+20°C, күндіз +28…+30°C.