Есет Байкен Ұлытау облысының әкімі болды

0 140

Мемлекет басшысының Жарлығымен Есет Берікұлы Байкен Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Есет Берікұлы Байкен 1986 жылы Қарағанды облысында туылған. Ол Қазақ гуманитарлық-заң университетінде «Қаржы» мамандығы бойынша орта арнаулы және жоғары білім алған. Сондай-ақ Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білімін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жсопарлау басқармасы» ММ инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары болған.