Жамбыл облысында «Жолдағы қабылдау» акциясы өтті

0 107

Жамбыл облысында «Заң және тәртіп» мемлекеттік идеологиясын іске асыру аясында «Жолдағы қабылдау» профилактикалық акциясы өткізілді, – деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Іс-шараның негізгі мақсаты — тұрғындардың өзекті мәселелерін жедел шешу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Акция барысында әкімшілік полиция, қоғамдық қауіпсіздік және көші-қон қызметінің қызметкерлері қоғамдық орындарда азаматтарды қабылдады. Өңір тұрғындарына қолданыстағы заңнама нормалары бойынша кеңестер мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бір күн ішінде барлығы 107 адам көмекке жүгінді. Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, шетел азаматтары үшін ықтиярхат пен жұмыс істеуге рұқсаттарды рәсімдеу, қылмыстық істердің тергелу барысы, жүргізуші куәліктерін ауыстыру, бейнекамералар мен жолдарғажасанды кедергілер орнату, сондай-ақ ішкі істер органдарына жұмысқа орналасу мәселелері бойынша сауалдарын қойды.

Әрбір өтініш бойынша жан-жақты жауаптар беріліп, қажетті ұсынымдар жасалды.

Аталмыш акциялар халық пен полиция арасындағы ашық әрі тиімді диалогты қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыруға ықпал етеді.