Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
5-7 ақпан аралығында Қазақстанның басым бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
«Қазгидромет» мамандарының болжамынша, алдағы күндері қар аралас жауын-шашын, көктайғақ, тұман және екпінді жел күтіледі. Ел аумағына оңтүстік-батыс ауа массаларының келуіне байланысты күндізгі температура келесідей көрсеткішке дейін көтеріледі:
- Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда:-3…+2 градус;
- Оңтүстікте:+8…+17 градус;
- Оңтүстік-шығыста:+5…+15 градус.
Бірақ аптаның соңына қарай жауын-шашын тоқтап, күн күрт суытады деп болжанған.