Әсет Ерғалиев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды
Әсет Ерғалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды «Aulieatanews» деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды», делінген хабарламада.