Балалар мен жасөспірімдер фастфуд пен энергетикалық сусындарға тәуелді

0 16

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов балалар мен жасөспірімдерді дұрыс тамақтандыру мәселесін көтерді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы шеңберінде балалардың құқықтарын қорғау, қауіпсіздігі және әл-ауқаты саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту жөніндегі шаралар кешені көзделген.

«Ақмарал Шәріпбайқызы балалардың ішіп-жейтін тамағы – маңызды мәселе. Бізде өкінішке қарай, балалар мен жасөспірімдердің көбісі фастфудқа, энергетикалық сусындарға құмар. Тіпті кей кезде оған тәуелді болып қалады. Осы қауіпке бәріміз бүкіл ел болып, қоғам болып тойтарыс беруіміз керек. Бұл – өте қауіпті жағдай. Ұсыныстар енгізіңіздер», деп атап өтті Олжас Бектенов.

Биылғы жылдың 1 ақпанынан бастап барлық білім беру ұйымдарына «тосыннан кіріп келу» қағидаты бойынша ерекше бақылау мен қадағалау енгізіледі. Тексерулер балаларды сауықтыру, олардың қауіпсіздігі мен тамақтану сапасына қатысты болады.

Сондай-ақ Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова диагностика мен емдеудің озық технологияларын енгізу шетелдік клиникаларға жіберілетін балалар санын екі есе азайтуға мүмкіндік беріп отырғанын және еліміздегі емханалардың 80%-ында педиатриялық бөлімшелер ашылғанын айтты.