1 қаңтардан бастап мобильді аударымдарға бақылау күшейеді: кімдер салық тексерісіне ілігуі мүмкін?

0 10

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов 2026 жылдан бастап жеке тұлғалардың мобильді аударымдары қандай жағдайда салықтық бақылауға ілінуі мүмкін екенін түсіндірді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

«Егер үш ай қатарынан жеке тұлғаның банк картасына 100 түрлі адамнан ақша аударымдары түссе тұлға салық бақылауына алынады. Егер осы үш айдың ішінде 100 түрлі адамнан аударым түсіп, сонымен қатар бұл аударымдардың жалпы сомасы 1 миллион теңгеден асса ғана салықтық бақылауға алынады», деді Біржанов.

Оның айтуынша, бұл критерийлердің ешқайсысы жеке-жеке негіз болып саналмайды, олардың барлығы бір мезгілде сәйкес келуі тиіс.

Вице-министрдің түсіндіруінше, екінші деңгейлі банктер мұндай ақпаратты фискалдық бақылау аясында уәкілетті органдарға жолдайды. Алайда есепшоттарды бұғатталмайды.

«Екінші деңгейлі банктер бұл деректерді фискалдық бақылау үшін ұсынады. Жеке тұлғалардың есепшоттары жабылмайды. Біз тек анықталған сәйкессіздіктер бойынша хабарлама жібереміз, содан кейін оны жеке кәсіпкер ретінде тіркеу қажеттілігі бар-жоғын анықтаймыз. Мысалы, бұл қайырымдылық аударымдары болуы мүмкін – мұның бәрі ескеріледі. Есепшоттарды автоматты түрде жабу көзделмеген», деп атап өтті ол.