Қазақстанда алдағы күндері 35 градусқа дейін аяз болады

0 5

«Қазгидромет» синоптиктері 9, 10 және 11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Метеорологтардың айтуынша, Қазақстан халқы нағыз қыстың аязын енді сезеді.

Осылайша 9 желтоқсаннан бастап солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерге солтүстік антициклон енеді.

Солтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде  -22…-30°C дейін төмендейді, шығыста -27…-35°C, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста -10…-20°C болады.