Президент бүгін ауыл әкімдерінің диалог платформасында сөз сөйлейді

0 8

Астана қаласында ауыл әкімдерінің диалог платформасы өтіп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін осы жиынға қатысады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, ауылды өркендету, ауыл әкімдері институтын одан әрі жетілдіру міндеттерін айқындайды. Cондай-ақ еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды мәселелеріне тоқталады», делінген хабарламада.

Бүгінде еліміз бойынша 2334 ауыл әкімі сайланған.