Тоқаев Головкинді «World Boxing» федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий Головкинді «World Boxing» халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Бұл – Геннадий Головкиннің ерен еңбегіне берілген лайықты баға. Даңқты отандасымыз олимпиадалық спорт түрі бойынша халықаралық федерацияны басқаратын Қазақстанның алғашқы өкілі атанды, – делінген құттықтауда.