Ауылшаруашылық жәрмеңкесі тұрғындар көңілінен шықты
Жаңатас қаласында Бейбітшілік көшесінің бойында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бұл іс-шара азық-түлік бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету және тұрғындарды сапалы, отандық өніммен қолжетімді бағамен қамту мақсатында өткізілді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Жәрмеңкеге жергілікті шаруалар мен ауылшаруашылық тауарын өндірушілер өз өнімдерін шығарып, оларды нарықтағыдан едәуір төмен бағамен ұсынды. Көкөніс, сүт, ет, жұмыртқа, бал, ұн өнімдері және өзге де күнделікті тұтынатын тауарлар қала тұрғындарының сұранысына ие болды. Тұрғындар мұндай жәрмеңкенің маңызын жоғары бағалап отыр.
– Ауылшаруашылық жәрмеңкесі халық үшін өте тиімді. Апта сайын келіп, үйге керек өнімдерді арзан бағада алып қайтамыз. Бағасы қолжетімді, сапасы жақсы. Осындай мүмкіндікті жасап отырған аудан басшылығына алғысымыз шексіз, – дейді қала тұрғындары.