«TortTulik» – мал баққандардың мобильді қосымшасы

0 64

Елімізде 1 маусымнан бастап малшыларға арналған «TortTulik» мобильді қосым­шасы іске қосылды. Жобаны Ауылшаруашылығы министрлігі АӨК-тегі экономикалық сая­сатты талдау орталығымен бірлесіп әзірледі, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Қосымша Ауылшаруашы­лы­ғы жануарларының базасын ке­ңей­туге көмектеседі, ол әр­бір мал иесіне (ШҚ, ЖШС, ЖҚШ т.б.) өз малын түген­­деуге көмектеседі. Қо­­сым­шаның арқасында ве­те­­ри­нарлық дәрігер­лер ве­­те­ринарлық-профи­лак­ти­калық іс-шараларды уақытылы және то­лық көлемде жүргізуге де мүм­кін­дік алады. Қосымша смартфонда онлайн режімде жұмыс істейді. Интернет бол­маған жағдайда, бағдарлама желіге қосылғаннан кейін деректер жаңартылады.

Бағдарлама арқылы ветеринарлық төл­құ­жат алуға болады және бола­шақта малды сатып алу-сату, жо­ғалтқан таңбаны ауыстыру, сон­дай-ақ сойғаннан кейін жануар­ды есептен шығару рәсімдерін жа­сау­ға мүмкіндік бар. «TortTulik» ауыл тұрғындары үшін ақпараттық хабқа айналады. Мобильді қосымшада саланың соңғы жаңалықтарын тарату мүмкіндіктері, алдағы вакцинация туралы хабарламалар бар. Қосымша жаңартылған сайын ет сатып алушыларға ар­налған бөлім енгізілетін болады. Ел тұрғындары «sogym.kz» қосымша бетінде тікелей ауылшар­уа­шылығы тауарын өнді­ру­шіден жануардың ветери­на­­рлық бақылауынан өткен тұтас етіне тапсырыс бере алады», де­лін­­­ген министрлік хабарламасында. Әзірге «TortTulik» қосым­ша­сын Playmarket-тен жүктеуге болады. Әзірлеушілер қосым­шаның кейін «iOS»-тағы смарт­фон­дарға бе­йім­делетінін айтады. Айта кете­йік, бүкіл ел бойынша 1,5 миллион мал иесі мобильді қосымшаның әлеуетті пай­да­ла­ну­­­­шылары болады деп күтіліп отыр.

Қосымшаға тіркелуге әр ауылдық округтегі ветеринар мамандарға жолығып қосылып, қалай пайдалануға болатыны туралы толыққанды мәлімет алуға болатының ескертеміз.