Ұлы Жеңіске 80 жыл: жамбылдықтар майдангерлер рухына тағзым етті

0 103

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты, – деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Еске алу шарасына соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен олардың ұрпақтары, облыс тұрғындары жиналды. Сондай-ақ облыстық, қалалық мәслихаттың, қоғамдық кеңестің, саяси партиялардың төрағалары, құзырлы органдардың, зиялы қауым және этномәдени бірлестік өкілдері, ЖОО ректорлары да тағылымды шараның ортасынан табылды. Жиналғандар майдан даласында қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, рухына тағзым етті.