Нашақорлықтың зияны туралы айтылды
Адамзат ғасырлар бойы өзіне қуаныш сыйлау, қиналған кезде жеңілдік табу немесе қорқынышты шындықтан қашу мақсатында әртүрлі есірткі заттарын қолдану тәсілдерін іздестіріп келеді. Әр түрлі есірткі түрлерінің пайда болуы өте ерте кездерден бастау алған, ал бүгінгі күннің жоғары технологиялары осы салаға түбегейлі жаңа нәрсе әкелген жоқ.
Нашақорлық – әлеуметтік зұлымдық, оның таралу ауқымы мен келтіретін зардаптары тұрғысынан жаппай қырып-жою қаруларымен салыстыруға болады. Нашақорлықпен күресу дегеніміз – әлеуметтік, моральдық және экономикалық мәселелердің күрделі түйінін шешу деген сөз, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпарат агенттігінің тілшісі.
Нашақорлық мәселесін шешу бүгінгі таңда қоғамның басты міндеттерінің бірі болып отыр. Қазіргі таңда есірткіге тәуелділіктен арылтуға бағытталған көптеген дәрі-дәрмектер бар болса да, бұл шаралар тек медициналық қана емес, әлеуметтік сипаттағы көптеген мәселелерді шешпейді, олардың маңыздылығы күн сайын артып келеді.
Нашақорлық – бұл барлық адамды алаңдататын мәселе, әсіресе жас ұрпақ үшін. Нашақорлықтың алдын алу мақсатында, ол көбіне заң бұзушылықтарға да алып келетінін ескере отырып, Мерке ауданының колледж студенттерімен үнемі әңгімелесулер, дәрістер мен «дөңгелек үстелдер» өткізіледі. Осы кездесулерде есірткінің зияны мен оның салдары талқыланады. Мерке ауданындағы жастар мен жасөспірімдер арасында жақында «Нашақорлыққа жол жоқ» атты акция өткізілді. Мұндай іс-шаралар мен акциялар учаскелік инспекторлардың қатысуымен есірткі заттарын қолдануға жол бермеу мақсатында ұйымдастырылады.
Акцияға қатысушыларға есірткінің зияны мен саламатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндіріліп, арнайы тақырыптық ақпараттық парақшалар таратылды. Сондай-ақ, барлық қатысушылар есірткі заттарын қолданбауға шақырылып, оның адам өміріне қалай әсер ететіндігі туралы ескертілді. Бұл бастамаға қатысқан әр адам есірткіден аулақ болудың қаншалықты маңызды екенін түсінді.