Елімізде 37 градусқа дейін ыстық болады

0 173

Синоптиктер Қазақстанда 26, 27 және 28 сәуірде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Болжам бойынша, атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.

27 сәуірде Батыс Қазақстан, Ақмола облыстарында, 28 сәуірде Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты жаңбыр жауады деп күтілуде.

«Республиканың батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. 26 сәуірде түнде Абай облысында, 26-27 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында 1-3 градус үсік жүреді», деді синоптиктер.

Еліміздің батысында ауа температурасы түнде 10-15 градустан 2-10 градусқа дейін, күндіз 20-27 градустан 6-14 градусқа дейін төмендейді.

Республиканың оңтүстік-батысында ауа температурасы түнде 12-20 градустан 7-15 градусқа дейін төмендейді, күндіз 20-30 градус ыстық болады, 28 сәуірде ауа температурасы 10-18 градусқа дейін төмендейді.

Еліміздің солтүстік-батысында ауа температурасы түнде 10-17 градустан 7-12 градусқа дейін, күндіз 20-28 градустан 12-22 градусқа дейін төмендейді.

Еліміздің солтүстігінде түнде ауа температурасы 5-10 градустан 10-17 градусқа дейін көтерілсе, күндіз 21-28 градустан 18-23 градусқа дейін төмендейді.

Еліміздің орталығында ауа температурасы түнде 5-15 градустан 12-17 градусқа дейін ауытқиды, күндіз негізгі фон температурасы 23-30 градусты көрсетеді.

Шығыста түнде ауа температурасы 1-8 градус нөлден жоғары, облыстың солтүстік-шығысында 1-3 градустан 10-15 градусқа дейін көтеріледі, күндіз 20-27 градустан 23-31 градусқа дейін ыстық болады.

Оңтүстікте ауа температурасы түнде 15-20 градустан 17-23 градусқа дейін, күндіз 28-33 градустан 32-37 градусқа дейін көтеріледі.

Оңтүстік-шығыста ауа температурасы түнде 5-17 градустан 10-20 градусқа дейін, күндіз 22-30 градустан 27-35 градусқа дейін көтеріледі.