Жаңа үлгідегі 2000 теңгелік банкноталар айналымға шықты

0 111

Ұлттық банк  2024 жылғы үлгідегі жаңа дизайнмен номиналы 2 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Айта кетейік, бұл «Сақ стилі» жаңа сериясы аясында шыққан үшінші банкнота. Ол қазақы ою-өрнектің бастау негізі саналатын және көшпелілердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейтін «Сақ стилі» элементтеріне негізделген.

Жаңа банкноталар 2025 жылдың екінші тоқсанында қолданысқа беріле бастайды.