Мүфтият энергетикалық сусындарға қатысты пәтуа шығарды

0 271

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының пәтуа бөлімі энергетикалық сусындарды ішудің шариғаттағы үкімін мәлімдеді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

Діни басқарма құрамында алкоголі бар энергетикалық сусындарды мүлде ішпеу керектігін айтса, алкогольсіз сусындарды лажы болса тұтынбау керектігін жеткізді.

Оны Құранның «Бақара» сүресіндегі «Өздеріңді өз қолдарыңмен құрдымға кетірмеңдер» дейтін 195-аятымен тәпсірлейді.