Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

0 213

«Қазгидромет» РМК 29-31 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

«Қазақстанның басым бөлігінде алдағы үш тәулікте атлантикалық циклонының ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және тұман болжанады. 30 қазанда республиканың батысында қатты жаңбыр жауады, сонымен қатар жел күшейеді деп күтіліп отыр. Температуралық режимде айтарлықтай өзгерістер болжанбайды», – делінген синоптиктер болжамында.