Қазақстан көкпардан финалда Қырғызстанды жеңді

0 374

Қазақстан құрамасы көкпардан Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының финалында Қырғызстанды 5:4 есебімен жеңді, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында көкпардан жарыс аяқталды. Ұлттық құрама намысты қолдан бермей, Қырғызстан құрамасын 5:4 есебімен жеңді.

Осылайша, көкпардан Қырғызстан екінші орын алса, Ресей үшінші орынға жайғасты.