Даяшының қызметі үшін төленетін 10 пайыз қосымша ақыға заңмен тыйым салынады

0 695

Елімізде мейрамханаға келген қонақтардан тапсырыс берілген тағам құнынан бөлек, даяшының қызметі үшін 10 пайыздық қосымша ақы алуға енді заң жүзінде тыйым салынады. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтың айтуынша қазан айында ішкі сауда ережесіне өзгеріс енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Сенаттың жалпы отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында тілшілердің сауалына жауап берген министр осы ережелерді пысықтап жатырғандарын айтты.

«Бұл мәселе қоғамда көптен талқыланып келеді. Қазір дәмханаларда осы ақыны чекке қосып жазып беретін болған. Сауда ережесіне өзгеріс енгізілгеннен кейін бұл алым заңсыз болып саналады. Мейрамхана қызметін алушылар бір қызметке екі рет ақы төлеуге міндетті емес, деді министр.