Қытай тіліндегі кітаптарды үнемі оқимын

0 179

Қасым-Жомарт Тоқаев «Синьхуа» агенттігіне сұқбат берді.

Сұқбат барысында Мемлекет басшысы білім беру жүйесінде нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған прагматикалық көзқарасқа айрықша қызығушылық танытқанын сөз етті. Сондай-ақ ол қытай тілін ұмытпау үшін не істейтінін айтты.

– Әлемдегі ғана емес, Қытайдың өзінде де дамылсыз өсіп, тез өзгеріп жатқан тенденцияларды ескерсек, тілдік дағдымды ұмытып қалмас үшін, сондай-ақ Қытайдың саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуындағы соңғы өзгерістерінен хабардар болу мақсатында қытай тіліндегі кітаптарды үнемі оқимын, – дейді Мемлекет басшысы.

Естеріңізде болса, биылғы 2-4 шілде күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келмек. Сондай-ақ, ол Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысады деп күтіліп отыр.