Бойжеткен ұзатылатын күнінде сұлулық салонында қайтыс болды

0 335

Түркияның Сүрүсу ауданында ұзатылайын деп жатқан қыз сұлулық салонында жүрек талмасынан қайтыс болды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі. 

«Hurriyet.com.tr» хабарлауынша, оқиға кеше Сүрүсу ауданының сұлулық салонында болды. Мәліметтерге сүйенсек, Тугче Акат (29 жаста) өзі барған шаштаразда кенеттен өзін нашар сезінген. Оқиға орнына 112 жедел медициналық жәрдем бригадасы келгенімен, бойжеткеннің өмірін құтқарып қала алмаған.

Медицина мамандары Тугче Акаттың жүрек талмасына ұшырағанын анықтады.

Бойжеткеннің қуанышына жиналған қауым, жаназасына қатысқан.