Құрбан айт күні елорда тұрғындары автобуста тегін қатынайды

0 118

Астанада Құрбан айт мерекесіне орай қоғамдық көлікте жүру тегін болады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі CTS-ке сілтеме жасап.

16 маусым күні Қазақстан халқы Құрбан айт мерекесін тойлайды. Әкімдіктің шешіміне байланысты елордада қоғамдық көлікте жүру тегін болады. Қоғамдық көлік сағат 6:00-де қатынай бастайды.

«15 маусымнан 16 маусымға қараған түні №201, 202, 203 түнгі маршруттарда да жол жүру тегін болады. Avtobys мобильді қосымшасы арқылы түнгі маршруттардың қозғалысын бақылай аласыз», делінген хабарламада.