Қазақстандағы орташа жалақы мөлшері белгілі болды

0 211

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы орташа айлық жалақы туралы мәліметтерді ұсынды, — деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Ведомство мәліметінше, Қазақстандағы кәсіпорындарда жұмыс істейтіндердің жалпы саны 3 975 641 адам болады. Барлығы 6 миллионнан аса жалдамалы жұмысшы бар.

Биылғы бірінші тоқсандағы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 382 279 теңге болады.

«Ол есептелген еңбекақы қорының сомасын қызметкерлердің нақты санына және есепті кезеңдегі айлар санына бөлу арқылы анықталады», — делінген түсініктемеде.