30 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

0 193

«Қазгидромет» РМК 30 қаңтарда Қазақстанның 16 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Түнде және күндіз Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, батысында, солтүстігінде аздаған қар жауады, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Көкшетауда түнде және күндіз аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.

Астанада кей уақыттарда қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.

Қарағанды облысында түнде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Түнде облыстың батысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды. Қарағандыда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі.

Ұлытау облысында түнде жауын шашын (жаңбыр, қар) болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, бұрқасын жүреді. Көктайғақ болады. Облыстың шығысында тұман түседі деп күтіледі. Жезқазғанда түнде жауын шашын (жаңбыр, қар) болып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі.

Таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады. Батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Түркістанда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Кей уақыттарда тұман болады.

Шымкентте күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Кей уақыттарда тұман түседі.

Абай облысының оңтүстігінде, шығысында қатты қар жауып, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Семейде қар бұрқасындатады. 

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Оралда да тұман болады. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қалың қар жауып, бұрқасын жүреді деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өскеменде қар жауып, бұрқасын жүреді деп күтіледі.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қалың қар жауады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, кей уақытта тұман болады. Облыстың шығысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Қонаевта кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі.

Алматыда кей уақытта көктайғақ болады деп күтіледі. Кешкі уақытта тұман түседі.

Түнде Атырау облысының шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Атырауда да түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Астанада кей уақыттарда қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ, тұман сақталады. Ақтөбеде кей уақыттарда көктайғақ, тұман болады деп күтіледі.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында тұман түседі. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Петропавлда қар жауады деп күтіледі.

Түнде Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында, күндіз де таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), қар жауады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Талдықорғанда түнде қар жауып, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі деп күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады.

Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Қызылордада кей уақытта тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Түнде Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде қар жауып, бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман, облыстың оңтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі.

Түнде Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында қар жауып, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Таразда таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Кей уақыттарда тұман түседі.

Павлодар облысында қар жауып, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Павлодарда қар жауып, бұрқасын жүреді. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.