20 наурызға арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» 20 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі.
Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қызылорда облысының шығыс бөлігінде қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының батысында, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, 21-22 наурызда облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 17-22 м/с.
Алматыда таңертең және күндіз, 22 наурызда түнде және таңертең кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, күндіз көктайғақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде 15-18 м/с.
Абай облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың орталығында 15-18 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.
Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі.