20-22 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК 20-22 сәуірге ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Антициклон сілемі еліміздің көптеген аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронттардың өтуімен өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыс және оңтүстік облыстарда шаңды дауылмен екпінді жел күшейеді.
Күндізгі температура батыста және оңтүстікте 25-32 градус жылыға дейін, солтүстікте және орталықта 20-28 градус жылыға дейін ысиды, ал еліміздің шығысында 17-25 градус жылыға дейін аздап жоғарылайды.