Жыр жауһары — Жамбылым!
2026 жылдың 25 ақпан күні Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жыр жауһары — Жамбылым!» атты Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған республикалық жас ақындар мүшәйрасы өтті.
Мүшәйраның мақсаты ұлы ақынның әдеби мұрасын насихаттау және жас ұрпаққа кеңінен таныту, жастарды поэзияға баулу, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қазақ поэзиясының дәстүрін жалғастыратын талантты жас ақындарды анықтау және қолдау, ұлттық құндылықтарды, елдік рухты, отансүйгіштікті дәріптеу.
Байқауға еліміздің әр өңірінен 18-35 жас аралығындағы жас ақындар қатысты. Сайыс барысында ақындардың көркемдік шеберлігі, тіл байлығы, тақырыпты ашу деңгейі және сахналық мәдениеті қазылар алқасы тарапынан бағаланды. Мүшәйра II кезеңнен тұрды. I кезеңде қатысушылар Ж. Жабаевқа арналған өлеңдерін оқып, II кезеңде патриоттық бағыттағы өлеңдерін оқыды. Байқауға Ақын, Қ. Республикасының еңбек сіңірген қайраткері — Қ. Асанов, Филолог, аудармашы, журналист, «Анаға тағзым» орталығының директоры — Э. Мырза-Ғали, Ақын, ТҮРКСОЙ халықаралық жазушылар одағының мүшесі, ҚР мәдениет саласының үздігі, Талас ауданының құрметті азаматы, «Құрмет» орденіңнің иегері – Ү. Битенова. Ақын, Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі, Қазақстан Жазушылар Одағының Жамбыл облысы бойынша өкілі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі», «Айбоз» ұлттық сыйлығының иегері – Х. Есаман қазылық етті.
Мүшәйра қорытындысы бойынша: «Күләш Ахметова» атындағы арнайы жүлде — Н. Кенжеғали (Алматы облысы), «Шерхан Мұртаза» атындағы жүлде — С. Кәрімұлы (Атырау облысы), III орын А. Әлібек (Түркістан облысы), II орын Д. Сұлтанғали (Қызылорда облысы), II орын Ғ. Аблай (Жамбыл облысы), I орын А. Бекжанов (Ақтөбе облысы), бас жүлде Б. Санақұл (Қызылорда облысы) иеленді. Мүшәйраға қатысқан ақындар алғыс хат және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталса, жүлдегер ақындар қаржылай сыйлықтармен, арнайы статуетка, дипломдармен марапатталды.