Жүргізуші куәлігіндегі чип алынып тасталуы мүмкін
Ішкі істер министрлігі жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәліктің үлгілеріне өзгерістер енгізу жобасын дайындады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Жобаның негізгі мақсаты – құжаттардағы электронды чипті алып тастау. Министрлік мұны қаржылық тұрғыдан тиімді шешім деп санайды.
Ведомствоның мәліметінше, чип-модульдерді енгізу мен пайдалану қосымша шығынды қажет етеді. Ал қазіргі таңда олардың барлық функциясын мемлекеттік дерекқорлар мен ақпараттық жүйелер толық қамтамасыз етіп отыр.