Жоба табысты жүзеге асуда

0 5

Жамбыл облысында ауылшаруашылығы саласы тұрақты даму қарқынын сақтап, өндіріс көлемін жыл сайын арттырып келеді деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігінің тілшісі. 

Осындай тұрақты дамуды сақтап, агро сала қарқын алып келе жатқан аймақтар қатарында Қордай ауданы да бар. Өткен жылы аудандағы ауылшаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 83,6 миллиард теңгені құрап, нақты көлем индексі 104,8 пайызға жеткен.

Сонымен қатар, ауданда ауылшаруашылығын қолдауға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы да табысты жүзеге асуда. Жоба 2019 жылы Жамбыл ауылдық округінде пилоттық режимде басталып, Қаракемер, Қарасу, Кенен, Сарыбұлақ, Қақпатас ауылдық округтерінде жалғасын тапқан.

Жоба аясында 4 өндірістік кооператив құрылып, 25 жаңа техника мен құрал-жабдық алынды. Шаруаларға  6016 бас ірі қара, 10879 бас қой, 405 бас жылқы сатып алуға мүмкіндік берілді. Нәтижесінде 690 тұрғын өз кәсібін ашып, ауылшаруашылығы саласында тұрақты табысқа қол жеткізе бастады.

Сондай-ақ аудан шаруалары жаңа технологияларды енгізу арқылы өнімділікті арттырып, ел экономикасының дамуына өз үлестерін қосуда. Шаруаларының қажырлы еңбегі мен мемлекеттік қолдау нәтижесінде, ауданның агросекторы тұрақты дамып, халықтың әл-ауқатын арта бермек.