Желтоқсанда қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды
Желтоқсанда қазақстандықтар Тәуелсіздік күніне орай қосымша демалыс алады. Мереке 16 желтоқсанда, сейсенбіге түскендіктен, аптаның ортасында бір күн демалыс беріледі, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Бес күндік жұмыс аптасында желтоқсанда 9 демалыс күні және 22 жұмыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасында 4 демалыс күні және 26 жұмыс күні болады. 31 желтоқсан жұмыс күні болып қала береді.
Атап айтсақ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 31 желтоқсанды ресми демалыс күні ретінде белгілеу мүмкіндігіне қатысты түсініктеме берген еді.
Былтыр, яғни 2024 жылдың желтоқсан айында аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 10 күн демалған болатын.