Жеке куәлік жоғалғанда және ұрланғанда қалпына келтіру

0 22

Қалтамыздағы, сөмкеміздегі әмияндарымыз  ұрланып, немесе өз аңсыздығымыздан сөмкелерімізді, мысалы қоғамдық көлікте ұмытып кетіп,  жайсыз жағдайларға тап болып жатамыз.  Бұл жағдайларда жеке заттарымызбен бірге жеке куәлік, жүргізуші куәлігі және басқа құжаттар да жоғалатын жағдайлар да аз емес. Жеке куәлік  жоғалған немесе ұрланған жағдайда қандай шаралар қолдану қажет?

Ең алдымен  сіз Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекске сәйкес (492-бап, Қазақстан Республикасында тіркеусіз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру), Қазақстан Республикасы азаматтарының күнтізбелік он күннен үш айға дейінгі мерзімде жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша  тіркеусіз тұруы   – ескерту жасауға, үш айдан астам мерзімде 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатыны туралы  білуіңіз қажет.

«Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №267 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары жеке басын куәландыратын құжаттары жоғалған  немесе ұрланған жағдайда жаңа құжаттарды алу үшін  тұрақты тіркелген немесе нақты тұрып жатқан жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (ХҚКО) жүгінулері тиіс.

 

Қ. АМАНҚҰЛОВ,

ХҚК бойынша Сарысу ауданы бөлімінің басшысы.

Жамбыл облысы.