Жазғы дөңгелектерін ауыстырмаған 53 жүргізушіге айыппұл салынды
1 желтоқсаннан бастап Қазақстандағы барлық жүргізушілер қысқы дөңгелектермен жүруге міндетті. Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес, қыста жазғы дөңгелектерді пайдалануға тыйым салынады және ереже бұзғаны үшін 2024 жылы 18 460 теңгені құрайтын 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
Алматыда желтоқсан айының басынан бері инспекторлар жазғы дөңгелекті қысқыға ауыстырмаған 53 тәртіп бұзушыны анықтаған. Жүргізушілерге салынған айыппұлдың жалпы сомасы 978 380 теңгені құрады.
Елордалық инспекторлар түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, көп жағдайда ескертумен шектелген. Дегенмен, полицейлер бұл хабарландыруды арттыруға бағытталған уақытша шара екенін атап өтті. Алдағы уақытта ереже бұзған жағдайда жүргізушілерге толық көлемде айыппұл салынады.
Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысында осы уақыт аралығында 42 жүргізушіге айыппұл салынып, айыппұл сомасы 775 320 теңгеге жеткен.